21 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы №176

305 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 5 наурыз,  Астана қаласы Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 158-2 бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет- порталында орналасуын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр В.ШКОЛЬНИК Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №176 бұйрығымен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары 1. Осы Парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын жүргізу және ұстау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 158-2-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және парниктік газдар шығарындылары және сіңірулері көздерінің мемлекеттік кадастрын (бұдан әрі – мемлекеттік кадастр) жүргізу мен ұстау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) парниктік газдар шығарындылары – парниктік газдардың атмосфераға белгілі бір учаскеде және уақыттың белгілі бір кезеңі ішінде босап шығуы; 2) парниктік газдарды сіңіру – атмосфералық ауадан парниктік газды сіңіретін процесс, тетік немесе табиғи кешен. 3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кадастрды әзірлеуді және жүргізуді ұйымдастырады. 4. Мемлекеттік кадастрын дайындау есептік жылдан кейінгі жыл бойында жүзеге асырылады. 5. Мемлекеттік кадастрды жүргізгенде Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 123-Ө «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 8497 тіркелген) бекітілген нысан бойынша әзірленген парниктік газдарды түгендеу туралы есептері пайдаланылады. Бұл ретте әкімшілендіру субъектілері ұсынатын парниктік газдар шығарындыларын түгендеу туралы есептер растауға жатпайды. 6. Мемлекеттік кадастрды жүргізу мынадай іс-шараларды іске асыруды қамтиды: 1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін бағалау үшін бастапқы деректері бар ақпараттарды жинау; 2) алынған деректерін талдау және өңдеу, есептеулер жүргізу және мемлекеттік кадастрға енгізу; 3) қондырғы операторларынан парниктік газдар шығарындылары бойынша электрондық есеп беру мүмкіншілігін беру. 7. Мемлекеттік кадастр парниктік газдар шығарындыларының көздері, қондырғы операторлары, парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің мөлшері туралы мәліметтерді қамтиды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 10673 болып енгізілді.